Коронавирустан көз жұмғандар саны 132-ге жетті

1091

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының жетекшісі Тедрос Адханом Қытайдан шетелдіктерді жаппай көшіру қажет емес деп мәлімдеме жасады.

 Коронавирустан көз жұмғандар саны 132-ге жетті

Ауру жұқтырғандар күні кеше 4515 болса, бүгін – 5974-ке жеткен, деп хабарлайды Atameken Business.

Қазір бірқатар мемлекет Қытайда қызмет істейтін азаматтарын қайтарып алып жатыр.

Біздің ел де Ухань қаласындағы қазақстандықтарды эвакуациялау мәселесімен айналысуда. Онда 98 студент білім алып жатыр.

Кеше Бейжіңге жеткен Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының жетекшісі Тедрос Адханом Қытайдан шетелдіктерді жаппай көшіру қажет емес деп мәлімдеме жасады. Ол жергілікті дәрігерлер жағдайды бақылауда ұстап отыр. Олардың емінің тиімділігі жоғары деп санайды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу