Министрлік: Індеттен тағы 14 адам қайтыс болды

642

Елімізде коронавирустан тағы 14 адам қайтыс болды, деп хабарлайды ҚР Денсаулық сақтау министрлігі.  

Министрлік: Індеттен тағы 14 адам қайтыс болды

Ведомство мәліметіне сүйенсек, 16 желтоқсандағы бір тәулікте коронавирус инфекциясының белгілері бар пневмонияның 3 жағдайы тіркелді, 36 адам індеттен сауықты.

Жалпы 2020 жылғы 1 тамыздан биылғы 16 желтоқсанға дейін коронавирус пневмониясына 83 619 адам шалдықты. Оның ішінде сауықты – 75 847, қайтыс болды – 5 195 науқас.

Сондай-ақ министрлік дерегінде 16 желтоқсан күні коронавирустан 14 адам қайтыс болғаны көрсетілген. Жалпы пандемия басталғалы вирус 982 475 адамнан анықталды. Оның ішінде 952 314 науқас жазалып шықты, 12 917 адам қайтыс болды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу