Коронавирустан 33 адам көз жұмды

915

ҚР-да коронавирус инфекциясына шалдыққандар туралы 2021 жылғы 30 сәуірдегі ақпарат.

Коронавирустан 33 адам көз жұмды

30 сәуірдегі мәлімет бойынша, елімізде 42 730 адам коронавирус инфекциясынан (42 235 КВИ+ және 495 КВИ-) емделіп жатыр. Олардың ішінде 15 207 пациент стационарда, 27 523 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда, деп хабарлайды inbusiness.kz COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК-қа сілтеме жасап.

"КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында 763 адамның жағдайы ауыр, 196 пациенттің жағдайы өте ауыр, 112 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр",– деп жазылған хабарламада.

Айта кетсек, өткен тәулікте коронавирус жұқтырғандар саны тағы да артты. 2853 адамнан COVID-19 анықталды. Осылайша елде індет басталғалы бұл ауруға 319 818 адам шалдықты. Олардың бүгінде 273 915-і емделіп, жазылды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу