Коронавирустан тағы алты адам қайтыс болды

941

Жалпы елде COVID-19-дан 108 958 адам жазылып шықты. 

Коронавирустан тағы алты адам қайтыс болды

Өткен тәулікте Қазақстанда оң ПТР сынағымен коронавирустық инфекцияның 638 жаңа жағдайы тіркелді, деп жұма күні COVID-19 таратпау жөніндегі ведомствоаралық комиссия хабарлады.

Бір күн бұрын республикада оң ПТР-мен 587 COVID-19 жағдайы анықталды.

Пандемия басталғаннан бері елде COVID-19 вирусының 119 мың 129 жағдайы расталды.

Оның ішінде Алматыда – 15089 (тәулігіне өсім +39), Нұр-Сұлтанда – 15024 (+51), Шығыс Қазақстан облысында – 13024 (+261), Атырау облысында – 11397 (+12), Қарағанды ​​облысында – 10770 (+17), Батыс Қазақстан облысында – 7382 (+30), Шымкентте – 5282 (+4), Алматы облысында – 5301 (+16), Солтүстік Қазақстан облысында – 4884 (+43), Павлодар облысында – 4885 (+49), Жамбыл облысында – 4243 (+7), Ақмола облысында – 4180 (+37), Қостанай облысында – 4159 (+53), Түркістан облысында – 3434 (+4), Маңғыстау облысында – 3414 (+3), Ақтөбе облысында – 3395 (+10), Қызылорда облысында – 3266 (+2).

ВАК  мәліметтері бойынша тағы 326 адам коронавирустық инфекциядан айыққан: Нұр-Сұлтанда – 45, Шымкентте – 8, Ақмола облысында – 31, Ақтөбеде – 10, Алматыда – 7, Атырауда – 7, Шығыс Қазақстанда – 78, Жамбылда – 3, Батыс Қазақстанда – 15, Қарағандыда – 14, Қызылордада – 16, Павлодарда – 42, Солтүстік Қазақстанда – 50.          

Жалпы, елде COVID-19-дан 108 958 адам жазылып шықты.

ҚР Денсаулық сақтау министрлігі өз кезегінде коронавирустық инфекциядан тағы алты адам қайтыс болғаны туралы хабарлады. Осылайша елдегі COVID-19 құрбандарының саны 1924 адамға дейін өсті.
Қазіргі уақытта 8247 адам, оның ішінде 437 бала коронавирустық инфекциядан емделіп жатыр.

"Ауруханаларда 2924 науқас жатыр, 5323 адам амбулаториялық деңгейде. 192 адамның жағдайы ауыр, 20-сы өте ауыр, 27-сі тыныс алу аппаратында", – делінген Денсаулық сақтау министрлігінің хабарламасында.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу