Коронавирустан тағы екі адам қайтыс болды

725

Бүгінге дейін аталған індет салдарынан қайтыс болғандар саны 37-ге жетіп отыр.

Коронавирустан тағы екі адам қайтыс болды

Коронавирус індетінен екі науқас көз жұмды, деп хабарлады шұғыл штаб.

Нұр-Сұлтан қаласында 1951 жылы туған ер адам мен Қостанай облысында 1965 жылы дүниеге келген әйел қайтыс болды.

Осылайша бүгінге дейін аталған індет салдарынан қайтыс болғандар саны 37-ге жетіп отыр: Нұр-Сұлтан қаласында – 6, Алматы қаласында – 10, Шымкент қаласында – 6, Ақмола облысында – 4, Шығыс Қазақстан облысында – 1, Жамбыл облысында – 1, Қарағанды облысында – 3, Қостанай облысында – 2, Маңғыстау облысында – 1, Павлодар облысында – 2, Түркістан облысында 1 адам қайтыс болды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу