Коронавирус инфекциясын жұқтырған тағы 35 адам тіркелді, оның ішінде Солтүстік Қазақстан облысында – 1, Қызылорда облысында – 1, Батыс Қазақстан облысында – 16, Алматы облысында – 3, Шымкент қаласында – 5, Түркістан облысында – 3, Алматы қаласында – 6.
Шұғыл штаб Алматы қаласында екі науқас көз жұмғанын хабарлады.
"Осы сағатта НұрСұлтан қаласы бойынша 372 адам, Алматы қаласында – 524 адам, Қарағанды облысында – 93 адам, Ақмола облысында – 82 адам, Атырау облысында – 80 адам, Жамбыл облысында – 61 адам, Шымкент қаласында – 67 адам, Шығыс Қазақстан облысында – 8 адам, Алматы облысында – 44 адам, Ақтөбе облысында – 27 адам, Солтүстік Қазақстан облысында – 30 адам, Павлодар облысында – 26 адам, Маңғыстау облысында – 12 адам, Қызылорда облысында – 148 адам, Батыс Қазақстан облысында – 62 адам, Түркістан облысында – 60 адам, Қостанай облысында – 15 адам, жалпы 1711 науқас тіркелді",– деп жазылған хабарламада.
Емделіп, жазылып шыққандар саны – 401.