Коронавирустан жазылған адамның қалай емделгені белгілі болды

989

Ол коронавирусты Еуропалық елдердің бірінде жұқтырған.  

Коронавирустан жазылған адамның қалай емделгені белгілі болды

Алматы қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының бастығы Тілеухан Әбілдаев қалада коронавирус індетінен жазылып шыққан әйел жайлы сөз қозғады.

"Бүгін 26 наурызда қалалық жұқпалы аурулар ауруханасынан COVID-19 расталған әйел адам жазылып шықты. Ол коронавирус инфекциясын алғашқы болып жұқтырған қазақстандықтардың бірі болатын. Пациент Еуропалық елдердің бірінде коронавирус жұқтырған. Ол вирусқа қарсы емдеу мен симптоматикалық терапияның толық курсын алды. Ауруы симптомдарсыз өтіп, вирусқа қарсы емді қанағаттанарлық жағдайда өткізді. Емдеу кезінде асқынулар болған жоқ. Соңғы екі бақылау анализдері коронавирустың болуына теріс нәтиже көрсетті", – деп айтып өтті Тілеухан Әбілдаев.

Айта кетсек, қалалық клиникалық жұқпалы аурулар ауруханаларында қазіргі уақытта 40 пациент бар, оның екеуі бала. 38 науқас қанағаттанарлық жағдайда. Бір баланың жай-күйі орташа, нашарлаусыз динамикада. Ал бір адам ауыр жағдайда

Нұржан Көшкін

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу