Коронавирустен қайтыс болғандарды жерлеу тәртібі жарияланды

2090

Қоштасуға 30 минуттан артық уақыт берілмейді.

Коронавирустен қайтыс болғандарды жерлеу тәртібі жарияланды

Мемлекеттік бас санитарлық дәрігер Айжан Есмағамбетова коронавирустан қайтыс болғандарды жерлеу тәртібін түсіндірді.

"Коронавирус инфекциясынан қайтыс болғандарды жерлеу алгоритмін қаулымен бекіттім. Қайтыс болғандардың мәйітін ашуға, туысқандарына беруге болмайды. Қайтыс болған адаммен қоштасуға 30 минуттан артық уақыт берілмейді. Қоштасу кезінде ең жақын туыстары мен бір діни қызметкер денеден үш метрден астам қашықтықта тұрады. Тәнді жерлеу санитарлық-эпидемиологиялық қызмет пен жергілікті атқарушы органдардың бақылауында, эпидемияға қарсы шараларды сақтай отырып жүргізіледі", – деп түсіндірді бас санитарлық дәрігер.

Нұржан Көшкін

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу