Коронавирустен жазылғандардың иммунитеті қаншаға жетінін ешкім айта алмайды – Елжан Біртанов

864

Қазақстан коронавирус науқастарын емдеу бойынша ғаламдық зерттеуге қатыспақшы.  

Коронавирустен жазылғандардың иммунитеті қаншаға жетінін ешкім айта алмайды – Елжан Біртанов

COVID-19 індетінен айығып шыққандардың болашағы туралы әлем ғалымдары да нақты байлам айта алмай отыр. Денсаулықсақтау министрі Елжан Біртанов осындай мәлімет айтты.

"Коронавирус инфекциясын еңсерген адамда иммунитет қалыптасады. Әзірге ол иммунитеттің қаншалықты ұзақ  шыдайтытын ешкім айта алмай отыр.  Бәріңіз оның жаңа инфекция екенін түсініп отырсыздар. Сол сияқты иммунитет те жаңа. Ғылыми басылымдарда жазылған науқастың бойында белгілі бір иммундық жауап ретінде антиденелер қалыптасып үлгеретіні жазылып жүр. Біздегі қаулы бойынша науқастың бойында ауру симптомдары болмаса, екі мәрте тестіленеді. Осыдан кейін 14 күн бойы қандай да бір ауытқулар болмау үшін үй карантинінде болады. Өйткені қазір әлем бойынша бұл мәселеде толыққанды ақпарат жоқ.  Әлем ғалымдары жұмыс істеп жатыр. Біз де Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымымен бірге тиімді емдеу және науқастарға әрі қарай мониторинг жүргізу бойынша ғаламдық ғылыми медициналық зерттеулерге қатысу үшін алғашқы қадамдарды жасап жатырмыз", –  деді ол.

Есжан Ботақара

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу