Коронавирустің шарықтау шегіне жеттік – бас санитар

1293

Мамырдың соңына дейін науқастар саны 4000-ға жетуі мүмкін.  

Коронавирустің шарықтау шегіне жеттік – бас санитар

Еліміздің бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Айжан Есмағамбетова елімізде коронавирус инфекциясы шарықтау шегіне жеткенін айтты.

"Қазақстанда коронавирустің шарықтау шегі өтіп жатыр. Аурудың таралуын наурыз, сәуір, мамыр айларында байқаймыз. Болжамға сәйкес, сәуір айының соңына дейін 2700 науқас, мамыр айының соңына дейін 4000 мың жағдай тіркеледі деген есеп бар. Біздің алдымыздағы қазіргі міндет – науқастар өсімін 5 пайызға дейін, одан кейін 1 пайызға дейін түсіру. Коронавируспен аурудың тұрақтанғаны немесе төмендегені туралы тек ел ішінде жаңа науқастар  мен байланыс арқылы ауру жұқтырудың бірде-бір дерегі тіркелмеген жағдайда ғана және емделіп жатқандар саны жаңадан анықталған науқастар санынан көп болған кезде ғана айтамыз", – деді бас санитар онлайн-брифингте.

Есжан Ботақара

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу