Жуырда еліміз коронавирусты анықтауға арналған қосымша 250 мың тест-жүйе сатып алмақ, деп мәлімдеді Дәурен Абаев.
"Қазіргі кезде 60 мың тест бар. Жуырда тағы 150 мыңы келеді. Келісімшарттар жуырда жасалады. Демеушілердің есебінен тағы 100 мың тест сатып алынады. Бұл тестер халыққа тегін жүргізіледі", - деді министр.
Сонымен қатар Дәурен Абаев коронавирустық инфекцияны анықтауға арналған тест-жүйелердің сапасы туралы сұраққа жауап берді.
"Ұлттық сараптама орталығы ҚХР-да жасалған тест-жүйелерді пайдаланады. Ол коронавирустық инфекцияны бірден анықтауға мүмкіндік береді", – деді министр.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу