Коронавирусты анықтауға арналған құралдар Ресейден алынды

1082

Олар Роспотребнадзордың "Вектор" ғылыми-зерттеу орталықтарында жасалған. 

Коронавирусты анықтауға арналған құралдар Ресейден алынды

Ресей Еуразиялық экономикалық одақ пен ТМД-ға мүше елдерге 2019-nCoV жаңа вирусын анықтауға мүмкіндік беретін зертханалық құралдар берді, деп хабарлады Риа Новости Роспотребнадзордың баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Қажетті жабдықтарды алған мемлекеттер қатарында Қазақстан, Армения, Белорусь пен Өзбекстан бар. 

"Ресей тегін негізде ЕАЭО және ТМД елдерінде инфекцияның таралуына жол бермеу үшін Роспотребнадзордың "Вектор" ғылыми-зерттеу орталықтарында жасалған жаңа коронавирус - 2019-nCoV-ды зертханалық жағдайда анықтауға мүмкіндік беретін құралдар берілді",–делінген хабарламада. 

Бұдан бөлек Ресей құралдарды тегін негізде Қырғызстан мен Тәжікстанға сыйламақ. 
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу