Коронавирусты қайта жұқтырған бес науқас анықталды

629

Профессор Алмаз Шарман алматылықтарды алдын алу шараларын сақтауға шақырады. 

Коронавирусты қайта жұқтырған бес науқас анықталды

Өңірлік коммуникациялар қызметіне өткен брифингте Қазақстанның профилактикалық медицина академиясының президенті COVID-19-бен ауырып, жазылғандарға қауіпсіздік шараларын қатаң  сақтау керектігін ескертті.

"Коронавируспен ауырып жазылғандар бәрібір қауіпсіздік шараларын сақтаулары керек. Себебі, коронавирустан басқа да біраз инфекциялар бар. Әсіресе, қазір тұмау маусымы басталды және аурудың алдын алып, ескерту маңызды. Тіпті, егер сіз ауырып жазылған болсаңыз да, коронавирус мұрын қуысында болуы мүмкін және вирус қол арқылы жұғуы мүмкін. Міне, сол себепті де маскалардың қалай болғанда да тиімділігі бар. Коронавирусты қайтадан жұқтырудың 5 оқиғасы белгілі. Осындай фактілер бар", –  деді Алмаз Шарман. 

Зерттеулерге сәйкес ауырып, жазылып шыққандарда антиденелер пайда болып, дамиды. Соған қарамастан оның қанша уақыт адам ағзасын қорғайтыны белгісіз. 

 "Ауруды жұқтырғандардың бәрінің иммунитеті күшейетіні белгілі. Бірақ сонымен бірге ол – уақыт өте келе төмендейтін феномен. Антиденелердің бастапқыда циклы жоғары болады, бірақ неліктен екені белгісіз, кейіннен төмендеп кетеді. Алайда тағы бір үшінші жағдай бар, ол –  вирустың мутацияға ұшырайтыны, яғни өзгеріп отырады. Соған қарамастан оның өзгеріп отыратыны, дереу күшейіп, болмаса әлсірейтіні туралы дәлелдер де бар", – деп атап өтті профессор. 

Қала тұрғындарының алдын алу шараларын күшейту қажеттігі туралы айтқан  қазақстандық дәрігер бетперде тағу кезінде оны дұрыс пайдалану маңызды екенін ескертті.

 "Адамдар көп жиналатын орындардан аулақ жүруге тырысу қажет. Еуропа мен АҚШ-та неге екінші толқын басталып кетті? Күннің салқындауына байланысты адамдар ғимарат ішінде жиі жиналуда. Нәтижесінде адамдардың топтасуы болады, ал көптеген ғимараттардың желдетілуі қиын. Бұл темекінің түтіні сияқты. Егер сен желдетілмейтін бөлмеде  отырсаң, темекінің түтіні бөлмеде айналып жүреді. Егер ғимаратта вирусты жұқтырған адам болса, вирус ауада таралып, басқаларға жұғады. Сол себепті адамдар көп жиналатын орындардан, әсіресе, жабық ғимараттарға барудан аулақ жүріп, бөлмені желдетіп, қашықтық сақтау керек. Осы ережелерді сақтау арқылы өзіңді аурудан қорғауға болады", –  деп қорытындылады профессор. 

Құралай Құдайберген

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу