Коронавирусты қолдан жасамадық – Уханьдағы вирусология институты

661

Бұған дейін Bloomberg агенттігі коронавирус түпнұсқасының геномы туралы алғашқы мәліметтер жойылғанын хабарлаған еді. 

Коронавирусты қолдан жасамадық – Уханьдағы вирусология институты

Уханьдағы вирусология институты COVID-19 дертін ойлап таппағанын мәлім етті, деп хабарлайды Inbusiness.kz Ухань ұлттық биологиялық қауіпсіздік зертханасының директоры Юань Чжиминнің мәлімдемесіне сілтеме жасап. Оның айтуынша, институт ешқашан коронавирустың жаңа түрін синтездемеген. 

2019 жылдың желтоқсан айының соңында, яғни індет басталған уақытта  бұқаралық ақпарат құралдарында COVID-19 инфекциясы Ухань вирусология институтының зертханасынан таралған болуы мүмкін деген түрлі болжамдар жарияланған еді. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының сарапшылары 2021 жылдың наурыз айында осы мекемеге, сонымен қатар оқшауланған BSL-4 зертханасына барған болатін. 

"2019 жылдың 31 желтоқсанына дейін Ухань вирусология институты COVID-19 дертін зерттеген жоқ. Институттың бірде-бір қызметкері немесе студенті осы уақытқа дейін коронавирусты жұқтырған жоқ", – деді Чжимин.

Еске сала кетсек, бұған дейін Bloomberg агенттігі коронавирус түпнұсқасының геномы туралы алғашқы мәліметтер жойылғаны, яғни олар 2020 жылдың маусымында америкалық базалардан өшірілгенін хабарлаған еді. Нақтырақ айтқанда, 2019 жылдың соңында Қытайдың Ухань қаласында алғаш рет анықталған штамм туралы мәлімет жойылған. Вирус геномы туралы ақпарат АҚШ-тың ұлттық денсаулық сақтау институтының базасында сақталған еді. Оны Қытай билігі берген болатын.

Табиғат Нұрболат

Фото: gettyimages.com

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу