Коронавирусты жұқтырған дәрігердің жазбасынан кейін, бірқатар лауазымды тұлғалар жауапкершілікке тартылды

971

Бұл туралы "Нұр Отан" партиясының баспасөз қызметі хабарлады.  

Коронавирусты жұқтырған дәрігердің жазбасынан кейін, бірқатар лауазымды тұлғалар жауапкершілікке тартылды

Жамбыл облысында коронавирусты жұқтырған дәрігер орталықтағы былықты жайып салғаннан кейін, бірқатар лауазымды тұлғалар жауапқа тартылды, деп хабарлайды Atameken Business.  

Мәліметтерінше, әлеуметтік желі арқылы жарияланған жазба бойынша тексеріс жүргізілген. Барлық факті расталған. Яғни Меркі аудандық ауруханадағы дәрігерлерге қорғаныс киімдері мен бетперде берілмеген. Тіпті, медициналық қызметкерлерге маска тігіп киюуге міндеттеген.

Осыған байланысты партиялық жауапкершілікке аудандық бас дәрігер Данияр Нүсіпбеков және денсаулық бойынша жауапты әкімнің орынбасары Марат Қасым тартылды. Министр Елжан Біртановтың пәрменімен де тергеп тексеру амалдары жүргізіліп жатқандығын еске саламыз. Алайда, Жамбыл облыстық денсаулық басқармасы Толғанай Ордабаеваның әлеуметтік желіде жарияланған жазбасы шындыққа жанаспайды деп отыр

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу