Шұғыл штаб өткен тәулікте 826 адамнан коронавирус анықталғанын хабарлады.
Үш мегаполис: Нұр-Сұлтан қаласында – 83, Алматы қаласында – 73, Шымкент қаласында 6 адамның індет жұқтырғаны белгілі болған.
Ең көп жағдай ШҚО-да тіркелген – 135. Одан кейінгі орындарда Павлодар облысы – 120, Солтүстік Қазақстан облысы – 105, Ақмола облысы – 86, Қостанай облысы – 85.
Ал өзге өңірлерде салыстырмалы түрде азырақ: Ақтөбе облысында 1 жағдай анықталды, Алматы облысында – 33, Атырау облысында –18, Жамбыл облысында – 14, Батыс Қазақстан облысында – 39, Қарағанды облысында – 25, Қызылорда облысында – 1, Түркістан облысында – 2.
Елімізде COVID-19 алғаш рет тіркелгелі бері бұл вирус 130865 адамға жұғыпты.