"Коронавирусты жұқтыру қаупі жойылған жоқ" - қалалық штаб мәлімдеме жасады

725

Қала тұрғындары карантин ережелерін қатаң сақтап, барлық қауіпсіздік шараларын ұстануы тиіс.  

"Коронавирусты жұқтыру қаупі жойылған жоқ" - қалалық штаб мәлімдеме жасады

Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі жанындағы төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі қалалық штаб елорда тұрғындарын коронавирустың таралу қаупі әлі жойылмағаны туралы хабардар етеді.

Президент тапсырмасына сәйкес карантин режимі сәуір айының соңына дейін ұзартылды. Осыған байланысты қоғамдық көліктің жүруі де тоқтатылды.

12 сәуірде елордада инфекцияны жұқтырған тағы 7 адам тіркелді. Тұрғын үй кешенінің 4 кіреберісі мен жатақхана карантинге жабылды. Осыған дейін коронавирус жеке такси жүргізушісінде және №1 автобус паркінің қызметкерінде анықталды. Олармен байланыста болған барлық тұлғалар анықталды. Байланыста болған тұлғалар қатарында медицина қызметкерлері де бар.

Тұрғындар тек ресми ақпарат көздері мен ресми хабарламаларға жүгінуі қажет. Тәртіп бұзушылық фактілері қатаң түрде жазаланады. Тұрғындарға үйден шығуға қатаң тыйым салынады. Жақын маңдағы азық-түлік дүкеніне/дәріханаға, медициналық қызмет алу үшін және жұмысқа бару үшін үйден шығуға рұқсат етіледі.

"Қала тұрғындары карантин ережелерін қатаң сақтап, барлық қауіпсіздік шараларын ұстануы тиіс. Қазіргі таңда біз осы жағдайға немқұрайлы қарап жатқан тұрғындардың бар екенін көріп отырмыз. Көшеде жүруге қатаң тыйым салынады. Инфекцияның таралуына және коронавирустың өршуіне жол бермеу қажет. Өз денсаулығыңыз бен жақындарыңыздың денсаулығы туралы ойлаңыз", - деп атап өтті қалалық штабта.

 Адам көп жиналатын орындар, кинотеатрлар, сауда ойын-сауық орталықтары, клубтар, мейрамханалар/кафелер (онлайн-тапсырыстардан басқа) жабық күйінде қала береді.

Қоғамдық көлік жүрмейді. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу