Коронавирусты жылдам анықтайтын тестілер әкелінді

775

Індет жұқтырғандарға бұндай сынақтар жүргізуге болмайды.  

Коронавирусты жылдам анықтайтын тестілер әкелінді

Денсаулық сақтау министрлігінің жауапты хатшысы Ботагөз Жақселекова коронавирусті жылдам анықтау тестілерінің елге әкелінгенін мәлім етті.

"Елге коронавирус инфекциясының антиденелерін жылдам анықтау тестілері әкелінді. Антиденелер сырқаттың алғашқы нышандары байқала бастағаннан кейін 10-12 күні белгілі болады. Экспресс тестілерді бізге меценаттар табыстады. Ол тестілер арқылы тексерілетін топтар да анықталды. Соңғы 1-2 айда суық тиіп аурған адамдар тексеріледі. Айта кету керек, қазір аурып жатқан адамдарға бұндай сынақтар жүргізуге болмайды. Егер антиденелер әлі пайда болмаса, тест олардың жоқ екенін көрсетеді. Ал науқас өзін сау екен деп ойлап, басқа адамдарға індет жұқтыруы мүмкін. Сол себепті, науқастарға бұндай сынама зиян келтіреді деп айтуға болады" – деді Ботагөз Жақселекова.

Нұржан Көшкін

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу