Коронавирустық инфекциядан 6 459 адам ем қабылдап жатыр

735

03.09.2020 күнге арналған коронавирустық инфекциямен ауырғандарға қатысты ақпарат.

Коронавирустық инфекциядан 6 459 адам ем қабылдап жатыр

Қазіргі уақытта коронавирустық инфекциядан 6 459 адам ем қабылдауды жалғастыруда. Олардың 34-і – бала. Стационарларда 3 196 науқас жатыр. 3 263 адам амбулаториялық жағдайда емделуде, деп хабарлады ДСМ баспасөз қызметі.

"Жалпы науқастардың арасында 171 адамның ахуалы нашар. Соның ішінде 19 науқастың ахуалы аса қатты ауыр деп бағалануда. 28 науқас өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр",– деп жазылған ведомство хабарламасында.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу