Қарағанды облысында қайтыс болған азаматпен байланыста болған 36 адам анықталды, деп хабарлады тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің басшысы Қанат Асқаров.
"Коронавирустық инфекциядан қайтыс болған азамат бойынша эпидемиологиялық зерттеулер жүргізілуде. Науқаспен байланыста болған 36 адам анықталды. Ал жақын қарым-қатынаста болған 20 адам оқшауланды", – деді Қанат Асқаров.
Құралай Құдайберген
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу