Көптеген алматылықтар жаңа онлайн қызметті пайдаланып үлгерді, деп хабарлады inbusiness.kz порталы қалалық №7 клиникалық ауруханасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
"Вакцинацияға онлайн режимінде жазылу кезекпен өтуге, белгіленген күні және нақты уақытта медициналық ұйымға келуге мүмкіндік береді. Сіз өзіңіздің жеке кабинетіңіз немесе мобильді Egov қосымшасы арқылы вакцинацияға медициналық ұйымды көрсете отырып, онлайн режимде жүгіне аласыз. Сонымен бірге, азамат міндетті түрде өзі бекітілген жерді емес, вакцинация жүргізілетін қаладағы кез-келген медициналық ұйымды таңдауға құқылы. Қосымшада халықты вакцинациялауға рұқсат етілген медициналық ұйымдардың тізімі көрсетілген. МСАК ұйымында қосымшаның болуы шарт болып табылады. Өтініш бірыңғай ақпараттық жүйеде тіркелгеннен кейін, бір күн ішінде өңделеді және ақпарат тарату жүзеге асырылады", - деп жазылған хабарламада.
Осыдан кейін азамат электронды үкімет порталында медициналық ұйымға вакцинацияға барудың күні мен уақытын көреді, сонымен қатар SMS хабарлама алады. Екінші компонент үшін қайта жүгінудің қажеті жоқ. 21 күннен кейін салынатын екпе жөнінде хабарлама алдын ала жіберіледі.
Сарапшылардың пікірінше, вакцинация - коронавируспен күрестегі жалғыз сенімді шешім.
Алматы қалалық №7 клиникалық аурухананың бас дәрігерінің емхана қызметі жөніндегі орынбасары Ләззат Жұмаділованың айтуынша, ағымдағы жылдың сәуір айынан бастап коронавирусқа қарсы вакцинация халықтың көп бөлігіне қол жетімді болады. Бұл еңбекке жарамды жастағы азаматтардың, студенттердің, 60 жастан асқан адамдардың, диспансерлік есепте тұрған созылмалы инфекциялық емес аурулары бар науқастардың категориялары.
Вакцинация жоспарға сәйкес белгіленген кестелер бойынша жүзеге асырылады. Қазір медициналық ұйымдар аптасына жеті күн жұмыс істейді. Вакцинацияға қарсы көрсетілімдер болмаған кезде кез-келген 18 жастан жоғары адам ерікті түрде вакцина ала алады.