Коронавирустық пневмония балаға жұға ма?

923

Күзге қарай вирустық індеттер бас көтереді.

Коронавирустық пневмония балаға жұға ма?

Әлеуметтік желіде күзге қарай балалар арасында коронавирустық пенвмония көп тарауы мүмкін деген ақпарат тарап жатыр. Денсаулық сақтау вице-министрі Ажар Ғинаятқызы осы ақпарат туралы пікірін айтты.

"Күзде вирустық инфекциялардың бас көтеретіні белгілі. Тұмау бар, басқа да вирустар бар. Олардың көбі асқынған кезде вирустық пневмонияға әкеледі. Соған байланысты, маусымдық инфекцияның көтерілуіне байланысты айтылып жатқан әңгіме шығар. Осы балалардың арасында індет көп таралмауы үшін Үкімет балалардың мектепке апармау, оқшаулау жөнінде шешімдер қабылдап жатыр. Балалар арасында аурудың таралуын күшейтпеу, балалар арасында өлім-жітімді болдырмау мәселелесі маңызды", – дейді ол.

Есжан Ботақара

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу