Коронавирустың Алматыдағы зертханаға қандай қатысы бар?

901

Коронавирустың тіршілік ортасы –жарқанаттар.  

Коронавирустың Алматыдағы зертханаға қандай қатысы бар?

Қазақстанның инфекциялық аурулар бойынша жетекші маманы, профессор Динагүл Баешева орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында коронавирус Алматыдағы зертханада жасалды деген ақпаратқа қатысты пікір білдірді.

"30 жылдан астам уақыт жұқпалы аурулар саласында жұмыс істеп келе жатқан маман ретінде мынаны айтқым келеді. Корнавирустың биологиялық қару болуы екіталай. Мұндай аурулар бұрын да болған, болады да. Өйткені бұл өмір. Тірі ағзаның бәрінде микроәлемі болады. Коронавирустың тіршілік ортасы –жарқанаттар. Оның енді адамдар ортасында болуына жол бермеуіміз керек. Жол бермейміз де деп ойлаймын. Бірақ 20 жылдан кейін тағы пайда болуы мүмкін. Сіздермен жұқпалы аурулар бойынша қаншама рет кездестік. H1N1-ді бастан өткердік, одан басқа да қауіпті дерттен аман өттік. Енді коронавирус келді. Инфекционист маман ретінде бұл ауруды биологиялық қару деп санамаймын. Бұл бар болғаны қауесет қана. Одан артық ештеңе емес. Алматыдағы зертханада вирус дайындалған деген ақпарат тіптен ешбір шеңберге сыймайды. Ондай болған емес, болуы мүмкін де емес. Мұны мен сіздерге кесіп тұрып айта аламын", – деді профессор.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу