Коронавирустың "британдық штамы" Ресейге де жетті

1129

Науқас туралы мәлімет жасырын ұсталып келген.

Коронавирустың "британдық штамы"  Ресейге де жетті

Іргедегі Ресейде коронавирус инфекциясының алғашқы "британдық штамы" белгілі болды. "Ропотребнадзор" мекемесінің басшысы Анна Попова ресейлік "Россия-1" телеарнасы арқылы осындай суыт хабар жеткізді. 

"Британиядан келген бір азаматтың ағзасынан табылған белгі коронавирустың жаңа штамы болып шықты. Әзірге оның жайғдайы жақсы",  деді  ол.

Негізінде бұл науқас туралы ақпарат ресейлік мамандарға 2020 жылдың соңында белгілі болған екен. Айтуларынша, қазір оның өзгелерге вирус жұқтыру қаупі жоқ. 

"Жыл соңында біз қазір үлкен дабыл туғызып жатқан "британдық штамның" белгісін байқаған болатынбыз. Тек бір адамнан ғана. Ол науқастың сол кезде де, қазір де жағдайы жақсы. Қазір ол вирус таратпайды",  деді Анна Попова.

Ресейлік маман қазір ондағы ПТР-тест зерттеулері коронавирустың "британдық штамын" бірден анықтайтынын, жасалып жатқан вакциналары аталмыш дерттен де сақтайтынын айтып қалды. 

Жалпы Ұлыбританиядан Ресейге  қараша айынан бері келген 32 жолаушының жетеуінен коронавирус инфекция анықталған екен. 

Есжан Ботақара
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу