Коронавирустың екінші толқыны бұдан да жойқын болуы мүмкін

894

Әлемде вирус жұқтырғандардың саны 6,3 миллионнан асты. 

Коронавирустың екінші толқыны бұдан да жойқын болуы мүмкін

Егерде Covid-19 вирусының таралуы екінші қайтара басталса, оның салдары қазіргіден де жойқын болуы мүмкін. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымындағылардың болжамы осындай.

"Індеттің екінші толқыны міндетті түрде қайталанады деген сөз емес. Дегенмен қазіргі таңда шектеу шараларын қысқартып жатқан елдердің қатары көбеюде. Сондықтан инфекцияның тағы да өршуі ғажап емес", – деді ұйым өкілі Ганс Клюге.

Оның сөзінше, карантиндік шараларды біртіндеп алып, міндетті түрде індетке қатысты ахуалды бақылап отыру керек. Өйткені қазіргі көрсеткіштер, яғни вирус жұқтырғандардың саны әлі де жеткілікті деңгейде төмендеген жоқ, әрі вакцина мен жаңа коронавирус ауруын емдейтін препарат табылмады деп басып айтты. 

Джонс Хопкинс Университетінің соңғы дерегіне сүйенсек, әлемде вирус жұқтырғандардың саны 6,3 миллионнан асып, оның 380 мыңы қайтыс болған. Осы күнге дейін 2,73 миллион адам аурудан жазылған. 

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу