Коронавирустың ең ауыр түріне қолданылатын ем пневмонияға да қолданылады – Алексей Цой

873

Биыл өкпе қабынуына шалдығу өткен жылмен салыстырғанда 50% жоғары. 

Коронавирустың ең ауыр түріне қолданылатын ем пневмонияға да қолданылады – Алексей Цой

Соңғы 6 айда өкпе қабынуы бойынша 1 172 өлім тіркелді. Өткен жылдың сәйкес кезеңінде 1 780 адам қайтыс болған еді. Бұл - жалпы сипаттағы өкпе қабынуы. Тұтастай  алғанда биыл өкпе қабынуына шалдығу өткен жылмен салыстырғанда 50% жоғары болып тұр. Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой осылай деп мәлімдеді. 

Оның сөзінше, коронавирустың ең ауыр түріне қолданылатын ем 
пневмонияға да қолданылады

"Айрықша назар аудару мен бақылауды қажет ететін мұндай респираторлық ауруы бар науқастар санын білуіміз керек. Яғни өкпе қабынуы және барлық коронавирус инфекциясы толықтай тіркеуге алынады. Бірақ тест арқылы ресми нақтыланғандар саны тіркеледі. Барлығы тестілеуден өтуі үшін тест санын қуалаудың қажеті жоқ. Ол орта-ауыр және ауыр науқастарға қатысты шынайы жағдайды түсіну үшін ғана қажет. Соған баса мән берген жөн", – деді Алексей Цой.

Қанат Махамбет 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу