Коронавирустың "Eta" нұсқасы індеттің жаңа толқынын тудыруы мүмкін бе?

2217

Коронавирустың мутацияланған нұсқа былтыр анықталған. 

Коронавирустың "Eta" нұсқасы індеттің жаңа толқынын тудыруы мүмкін бе?

Профилактикалық медицина академиясының президенті, Америка денсаулық сақтау қауымдастығының мүшесі Алмаз Шарман Алматыда анықталған коронавирустың жаңа "Eta" нұсқасы туралы пікірімен бөлісті, деп хабарлайды inbusiness.kz. 

"Оның әлемде пайда болуы алғаш рет 2020 жылдың желтоқсанында белгілі болды, инфекция Нигерия мен Ұлыбританияда, ал қазір Қазақстанда анықталды. Егер бұрын коронавирус айына 1-2 рет мутацияға ұшыраса, бүгінде жиіледі. Қазіргі уақытта "Eta" басқа толқын тудыруы мүмкін деген ақпарат жоқ. Медициналық қауымдастық бұған алаңдамайды. Әзірге денсаулық сақтау ұйымдарын коронавирустың "дельта" нұсқасы алаңдатып отыр", – деді Алмаз Шарман. 

Сонымен қатар профессор елімізде вакцина салдыру қарқыны төмен екенін атап өтті. 
"Қазақстанда вакциналар болғанымен, екпемен қамту әлі де төмен. Ел тұрғындарының 60%-дан астамы вакцинаның бірде-бір дозасын әлі салдырмады. Мысалы, Америка Құрама Штаттарының көп бөлігінде, Дания сияқты Еуропа елдерінде халықтың 80%-ы вакцина алған. Бұл препараттар вирустан қорғанудің ең тиімді тәсілі. Қазір біздің елдегі барлық вакциналар вирустың жаңа нұсқаларына қарсы тұра алады", – деді Алмаз Шарман.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу