Коронавирустың кесірінен аса ірі зауыттың жұмысы тоқтады

1228

Оңтүстік Кореядағы Ульсан қаласында орналасқан Hyundai зауытының қызметкерінен COVID-19 анықталған.

Коронавирустың кесірінен аса ірі зауыттың жұмысы тоқтады

Компания вирус жұқтырған жұмысшымен тығыз қарым-қатынаста болған әріптестерін де емханаға жатқызып тексерістен өткізуде. Hyundai Motor-дың хабарлауынша, бүкіл өндіріс кешенін залалсыздандыру мақсатында жұмыс тоқтатылды.

Жабылған зауыт Palisade, Tucson, Santa Fe және Genesis GV80 кроссоверлерін шығаруға маманданған. Ульсанда жылдық қуаты 1.4 миллион (концерн машиналарының үштен бір бөлігі) автокөлікті құрайтын бес Hyundai зауыты бар, онда 34 мың адам еңбек етеді. Өткен сәрсенбіде Hyundai зауыттарына бөлшектер жеткізетін Seojin Industrial-дың індет жұқтырған жұмысшысы көз жұмғандықтан, ол да жұмысын тоқтатты.

Айта кетейік, Оңтүстік Корея қазіргі уақытта қауіпті індет жұқтырғандардың саны бойынша екінші орында (3 736 адам) тұр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу