Коронавирустың тәуліктік өсімі 0,5% дейін төмендеді

586

Науқастардың 77% -дан астамы тәуір болды.  

Коронавирустың тәуліктік өсімі 0,5% дейін төмендеді

Еліміздің бас мемлекеттік санитар дәрігері Айжан Есмағамбетова осылай деді. 
Ол карантин кезіндегі шектеу шаралары оң нәтиже бергенін баяндап, эпидемиологиялық жағдай тұрақтанып келе жатқанын жариялады. 

"14 тамыздағы мәлімет бойынша, Қазақстанда ПТР оң нәтиже көрсеткен коронавирус инфекциясының 101 848 жағдайы тіркелді", – деді Айжан Есмағамбетова.

Бас мемлекеттік санитар дәрігердің сөзінше, соңғы бір тәулікте 476 адам коронавирус індетімен ауырған. 934 адам коронавирус инфекциясының белгілері бар пневмонияға шалдыққан. 

"Қатаң шектеу шаралары енгізілгеннен бастап сыртқаттанушылықтың тәуліктік өсімі 0,5% дейін төмендеді. Науқастардың 77% - дан астамы емделіп, күнделікті өмірге оралды", – деді Айжан Есмағамбетова.

Қанат Махамбет 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу