Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Қазақстанда коронавирустың үндістандық штамы тіркелмегенін айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі.
"Үндістанға тікелей әуе рейстері жоғын және оған тыйым салынғанын білесіздер. Сондай-ақ Үндістаннан келгендер 14 күн медициналық бақылауда болып, оқшалануы керек. Бүгінде Қазақстанда коронавирустың үндістандық штамы анықталған жоқ. Біз тиісті өлшемдерді жүргізуді жалғастырып жатырмыз", – деді министр Сенаттың жалпы отырысында.
Дәурен Ерболат
                    БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
            Ең соңғы жаңалықтар осында
            
    Жазылу
                     
                                         
                                         
                                         
                                         
                                         
                                        