Коронавирустың жаңа штамы анықталды – министр

848

Қазақстанда нигериялық Eta штамы анықталды. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz. 

Коронавирустың жаңа штамы анықталды – министр

Министрлік шілде-тамызда науқастардан алынған оң зертханалық үлгілерді секвенирлеу әдісімен СOVID-19-ға генетикалық зерттеу жүргізген. Осылайша, елде 96 үлгіде штам айналымы анықталған.

"Delta үнді штамы – 57 (59,4%), Alpha "британдық" – 24 (25%), "Ухань" коронавирусы – 10 (10,4%) және Eta "Нигерия" –  5 (5,2%). Eta "Нигерия" штамы 4 өңірде табылды: Қарағанды – , Маңғыстау – 2, Павлодар – 1, Нұр-Сұлтан – 1", - деп жазды министр Facebook-те.

Айта кетейік, өткен жылы желтоқсанда Eta штамы туралы белгілі болды. Вирус жұқтырған науқастар алғаш рет Нигерия мен Ұлыбританияда анықталды.

Eta-ның клиникалық белгілері Alpha (британдық) және Beta (Оңтүстік Африка) штаммдарына (дене қызуы, жөтел, иіс пен дәм жоғалту, аурудың ауыр өтуі және тағы басқа) ұқсас.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу