Коронавирустың жаңа толқыны жайлы ақпарат жалған болып шықты

530

Әлеуметтік желіде адамдар COVID-19 тудыратын SARS-CoV-2 коронавирусының дельта штаммын жаппай жұқтыра бастағаны туралы хабарламалар қаптап кетті. 

Коронавирустың жаңа толқыны жайлы ақпарат жалған болып шықты

Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі жұртшылық арасында тараған хабарламаны жалған екенін мәлімдеді, деп жазады inbusiness.kz.

Stopfake.kz басылымы хабарлағандай, бүгінгі таңда республикада коронавирустық инфекция бойынша эпидемиологиялық жағдай тұрақты.

"Вирустарды генетикалық зерттеу мониторингі жүргізіліп жатыр. Соңғы секвенирлеу қорытындысы бойынша республикада штаммдардың жаңа нұсқасы анықталған жоқ. Дельта штаммы 2021 жылы анықталып, аурудың ауыр түрлерін тудырды. Қазір Қазақстанда ауру жеңіл түрде өтеді. Науқастар негізінен амбулаториялық ем алады. Жұқпалы төсек-орындардың 3%-ы ғана қолданыста", — делінген ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі хабарламасында.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу