Коронавирустың жаңа түрі анықталды

1142

Қытай ғалымдары Оңтүстік Африкада жүргізген зерттеулердің нәтижесін жариялады, деп хабарлайды inbusiness.kz ВАК-тың телеграм арнасына сілтеме жасап.

Коронавирустың жаңа түрі анықталды

Олар коронавирустың жаңа NeoCoV түрін анықтады.

"Ухань университетінің ғалымдары Оңтүстік Африка Республикасындағы жарқанаттардан вирустың жаңа түрін тапты. Бұл MERS-CoV-тің ең жақын туысы, әрә SARS-CoV-2-мен жасушаларға ену принциптері ұқсас. Жаңа вирус адамдарға қауіп төндіруі мүмкін", – деп жазылған хабарламада.

Ғалымдардың пікірінше, вирус жануарлар арасында таралады, ал ол адамға жұғуы үшін мутацияға ұшырауы керек.

"Вирус қабығының негізгі бөлігінде бір ғана мутацияның пайда болуы вирустың адам жасушаларына белсенді енуіне мүмкіндік береді және оған MERS-CoV және SARS-CoV-2 антиденелері әсер етпейді", – деп жазылған хабарламада. 

Қытай зерттеушілері болашақта бұл вирустың пайда болу нұсқасын, адамға әсері мен таралуын назарға алу керек деген пікірде.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу