Коронавирустың жаңадан 836 жағдайы тіркелді

599

Қазақстандағы коронавирус бойынша 10 желтоқсан 23:59-дағы эпидемиологиялық жағдай.

Коронавирустың жаңадан 836 жағдайы тіркелді

Қазақстанда өткен тәулікте 836 адамның коронавирус жұқтырғаны ПТР арқылы расталды, деп хабарлайды шұғыл штаб.

Бас қала – Нұр-Сұлтанда 118 адамның індет жұқтырғаны анықталып отыр, ал Алматы қаласында – 75, Шымкент қаласында 7 адам тіркелді.

Өңірлер арасында COVID-19-ды жұқтыру жағдайы көп тіркелген өңірлердің басында – ШҚО тұр, мұнда бір тәулікте 129 адамның вирус жұқтырғаны белгілі болды. Павлодар облысында – 90, Қостанай облысында – 72, Солтүстік Қазақстан облысында 72 адам анықталған.

Өзге де өңірлер: Ақмола облысында – 67, Ақтөбе облысында – 9, Алматы облысында – 45, Атырау облысында – 40, Жамбыл облысында – 24, Батыс Қазақстан облысында – 40, Қарағанды облысында – 29, Қызылорда облысында – 4, Маңғыстау облысында – 9, Түркістан облысында 6 жағдай анықталды.

Елге індет келгелі 139 995 адам ауырған. Оның бүгінде 124 056-і жазылып шыққан.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу