Коронавирустың жанама себептерінен қайтыс болғандардың статистикасы белгілі болды

724

576 адамның 52,4 пайызы тыныс алу органдарының ауруынан көз жұмған.

Коронавирустың жанама себептерінен қайтыс болғандардың статистикасы белгілі болды

COVID-19 індетінің жанама себептерінен қайтыс болғандардың көбі тыныс органдары, қан айналымы аурулары мен ісіктен көз жұмған. Орталық коммуникациялар қызметінде өтіп жатқан онлайн-брифингте осындай ақпарат айтылды.

"Қазақстанда коронавирус инфекциясын жұқтыра тұрып, басқа себептерден қайтыс болғандардың саны өткен аптада 576 адам болды. Осынша адам коронавирус инфекциясын жұқтырып, ілеспелі диагноздардан қайтыс болған. Оның ішінде ең жиі кездесетін өлімнің себебі болған ілеспелі патология – тыныс алу органдарының аурулары. Оның үлесі – 52,4 пайыз. Қан айналым жүйесінің ауруларынан 29 пайыз адам қайтыс болған. Ісіктерден 4 пайыз адам қайтыс болған. Қалған 14,6 пайыз адам  басқа патологиялардан көз жұмған", – деді Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Бағдат Қожахметов онлайн-брифингте.

Есжан Ботақара

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу