Коронавиурс қаупі бар елдердің бірінші санатына 7 мемлекет кірді

1262

Жоспары бұзылған азаматтарға Инвестиця және инфрақұрылымдық министрлігі көмектеседі.

Коронавиурс қаупі бар елдердің бірінші санатына 7 мемлекет кірді

Еліміздің бас сантитарлық дәрігері Жандарбек Бекшин ведомстворалық комиссияның шешімімен коронавирус қаупі бар елдердің бірінші санатына Қытайдан басқа бірнеше мемлекетті қосқанын мәлім етті.

"Өздеріңіз көріп отырсыздар коронавирус бойынша Қытайда жағдай тұрақтала бастаса, өзге елдерде күрделеніп келеді. Қытайдан басқа елдерде бүгінге дейін 2544 жағдай тіркелді. Кейінгі кезде Иран Ислам Республикасында жағдай күрделеніп барады. 42 жағдайдың 12-сі өлім-жітіммен аяқталды. Оңтүстік Корея мен Италияда 10, Гонконгте 2 жағдай тіркелді", – деген Жандарбек Бекшин аталмыш жағдай Қазақстан билігінің вирус қаупі бар елдердің санатын қайта қарауға мәжбүр еткенін айтады.

"Үш категорияның тізіміне өзгеріс енгізілді. Ведомствоаралық комиссияның отырысында осы жағдай қаралып, барлық мүдделі ведомстволарға тапсырма берілді. Бірінші санатқа тағы бірқатар елдерді енгіздік. Бұл санатта бұрын тек Қытай болса, енді Оңтүстік Корея, Жапония, Италия, Иран мемлекеттері мен Қытайға бағынышты Гонконг, Макао, Тайвань арнайы автономиялық аймақтары енгізілді. Бұл шешім әлемдегі жағдайдың күрделенгенін көрсетіп жатыр. Сондықтан барша ведомстволар нақты тапсырма алды. Біз бір күннің ішінде жаңа жағдайға сәйкес, ҚР бас сантиарлық дәрігердің қаулысын шығардық. Сол қаулы бойынша барлығына тапсырма берілді. Мысалы, Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігіне тапсырма берілді. Барлық әкімдіктер мен денсаулық сақтау басқармаларына алдын алу бойынша тиісті шаралар қабылдауға тапсырма берілді.  Бұл өзгерту наурыз айының бірінен басталады", – деді бас санитар.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу