Коронавирус жұқтырған бір дәрігердің жағдайы ауыр

1535

120 медициналық маман індет жұқтырған.

Коронавирус жұқтырған бір дәрігердің жағдайы ауыр Фото: ria.ru

Коронавиурспен күрес кезінде індет жұқтырған дәрігерлерге әлі өтемақы берілмеген. Бұл туралы мемлекеттік бас санитарлық дәрігер Айжан Есмағамбетова тікелей эфирде өткен онлай-брифинг кезінде айтты.

"Бүгінде  дәрігерлер арасында коронавирус жұқтырудың 120 жағдайы тіркелді. Оның ішінде 67-сі науқастар мен күдіктілерге тікелей медициналық көмек көрсету кезінде індет жұқтырған. Бір медициналық қызметкер ауыр жағдайда жатыр. 9 адамның жағдайы орташа ауыр деңгейде. Қалған 57 адамда аурудың симптомсыз формасы анықталды. Әзірге бұл мамандарға өтемақы төленген жоқ. Тиісті құқықтық-нормативтік акт дайындалуда. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мен Денсаулық сақтау министрлігі шығарған бұйрықтар бойынша  коронавирусты медициналық көмек көрсету кезінде жұқтырғандарға төлем жасалатын болады", – деді ол.

Есжан Ботақара

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу