3284 дәрігерге айына 850 мың теңге үстемеақы төленеді

2436

Дәурен Абаев дәрігерлерге төленетін үстемеақының көлемін атады.

3284 дәрігерге айына 850 мың теңге үстемеақы төленеді

Мемлекет коронавируспен күреске тікелей тартылған медицина қызметкерлерін үш топқа бөліп қаржылай көмек көрсетеді. Бұл туралы Ақпарат және қоғамдықдаму министрі Дәурен Абаев онлайн-брифингте айтты.

"Президент Қасым-Жомарт Тоқаев медицина қызметкерлеріне көмек көрсету туралы тапсырма берген. Осыған орай бүгін Премьер-Министр Асқар Мамин мемлекеттік комиссияның отырысын өткізіп, арнайы шешім қабылдады. Оған сәйкес, медицина қызметкерлері жұмысының қауіптілігіне байланысты үш топқа бөлінген. Бірінші топ, бұл реанимация бөлімдерімен қоса алғанда жұқпалы аурулар стационарларының дәрігерлері, орта және кіші медицина қызметкерлері. Барлығы – 3284 маман. Олардың жалақысына үстемеақы айына 850 теңгені құрайды . Яғни,  орташа айлығына қосқанда олар айына шашамен бір миллион теңгенің үстінде алады. Екінші топ, провизорлық стационарлар мен жедел жәрдемнің қызметкерлері, орта және кіші медицина қызметкерлері. Барлығы – 11951 адам. Олардың үстемеақы айына 425 мың теңгені құрайды. Яғни, орташа айлығын қосқанда олар шамамен 650 мың теңге алады. Үшінші топ, карантиндік стационар дәрігерлері, орта және кіші медицина қызметкерлері, санитарлық дәрігерлер, жедел жәрдем жүргізушілері және тағы басқалар. Барлығы 10 994 қызметкер. Олар айына 212 мың теңге үстеме ақы алады. Яғни орташа айлығын қосқанда шамамен 380 мың теңге алады", – деді Дәурен Абаев.

Есжан Ботақара

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу