Италиялық TGcom24 телеарнасының дерегінше, COVID-19 вирусының өршуіне байланысты әлемде 5,9 мың рейс шегерілген.
Flightaware порталы жексенбіде 1,5 мыңнан аса рейстің тоқталғанын хабарлайды. Жағдайдың бұлай ушығуына омикрон штамының тарауы себеп. Салдарынан көптеген ұшқыш, экипаж мүшесі және басқа да әуе компания қызметкерлері оқшаулануға мәжбүр болған. Авиакомпаниялар оларды басқа мамандармен ауыстыра алмаған. Осылайша, әуе рейстерін тоқтатқан.
Дүйсенбіде де әуе компаниялар рейс тоқтатуды жалғастыруы мүмкін.