Короновирус пен намазда қандай байланыс бар?

1173

Шешім қабылдау бас имамдарға жүктелді. 

Короновирус пен намазда қандай байланыс бар?

Коронавирус адам көп шоғырланатын жерде тез таралатынын тілге тиек еткен үкімет басшысының орынбасары Ералы Тоғжанов мешіттерде оқылатын намазды далада оқу туралы ұсынысқа қатысты мәлімдеме жасады.

"Үкімет отырысында мешіттер мен сауда орталықтары сияқты көп адам жиналатын жерлерде коронавирустан алдын алу шараларын, тазалық сақтау, дезинфекция мәселелерін қолға алу туралы нақты тапсырма берілді. Мешіттерге айтылған ұсыныс бойынша бас имамдардың өздері шешім қабылдауы керек. Ашығын айтқанда, Алланың алдында ниет қылуды мешіттерде ғана емес, әрбір азамат үйінде  немесе ашық аспан астында да атқара алады. Бұл – әрбір азаматтың өз құқығы. Дегенмен адам көп жиналатын жерлерде бұл мәселені ескеруіміз керек. Оңтүстік Кореядағы коронавирустың таралуына діни орындар ықпал етті. Соны да ескеруіміз қажет және азаматтарды сақтандыруға тиіспіз", – деді Ералы Тоғжанов тілшілермен тілдескенде. 

Қанат Махамбет

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу