Қытайдың CGTN басылымының соңғы дерегі бойынша, 4515 кісі вирусты жұқтырып, пневмонияға шалдыққан.
Бұған дейін науқастардың саны 2744, ажал құшқандардың саны 80-ге жеткені жарияланған болады.
Гонгконгта 8 , Макаода 7, Тайваньда 5 кісі вирусты жұқтырған.
Қаза тапқан 106 адамның 100-і Хубей провинциясының тұрғындары. Қалғандары Хебей, Хенан, Хейлонджианг, Хайнань, Бейжің және Шанхайда тіркелген.
Жергілікті биліктің дерегі бойынша, 976 адам қазір ауыр халде жатыр, ал 60 науқас емделіп, ауруханадан шығарылған. Сонымен қатар 6973 адам коронавирусты жұқтырды деген күдік бар, ал олармен қарым-қатынаста болған 44193 тұрғын дәрігерлердің бақылауында.
Соңғы мәлімет бойынша, коронавирус әлемнің 14 еліне тарап, 45 кісі ауруға шалдыққан. Қатарында Таиланд, Австралия, АҚШ, Сингапур, Малайзия, Оңтүстік Корея, Жапония, Франция, Канада, Вьетнам, Германия, Непал, Шри-Ланка, Камбоджа елдері бар.
Табиғат Нұрболат