Коронавирус: қай өңірлер қауіпті аймақта

1120

2021 жылғы 8 мамырдағы жағдай бойынша Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасы.  

Коронавирус: қай өңірлер қауіпті аймақта

Елімізде COVID-19-ға қарсы вакцина алғандар саны артып келе жатыр. 8 мамырдағы мәлімет бойынша 1 661 609 адам вакцина салдырған. Дегенмен үш мегаполис: Алматы, Нұр-Сұлтан, Шымкент коронавирустың таралу қарқыны жағынан әлі де қауіпті аймақтар қатарында. Сондай-ақ "қызыл" аймақта Ақмола, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Павлодар облыстары тұр.

Ал Алматы, Атырау, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан, Қызылорда, Маңғыстау облыстары "сары" белдеуде.

Жамбыл, Түркістан, Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстары өзге өңірлермен салыстырғанда көрсеткіші едәуір жақсы "жасыл" аймаққа жатқызылды.

Айта кетсек, өткен тәулікте коронавируспен еліміз бойынша тағы 2587 адам тіркелді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу