Корпоративтік табыс салығы және мүлік салығы бойынша 3 жылға пайызсыз несие беріледі

1155

Салық кодексіне өзгеріс пен толықтыру енгізуді көздейтін заң жобасы инвестиция тартуды ынталандыруға, бизнес ортаны дамытуға және салықтық әкімшілендіруді жақсартуға бағытталған.  

Корпоративтік табыс салығы және мүлік салығы бойынша 3 жылға пайызсыз несие беріледі

Сенат отырысында ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов: "Салық элементтерін өзгертпей, жеке тұлғалардың мүлік және жер салығын біріктіруді ұсынып отырмыз. Екі салық бірыңғай төлеммен төленеді.

Көппәтерлі тұрғын үйлердің иелері үшін жер салығын алып тастау бастамасы көтерілді. Сондай-ақ салық төлеушілерге қолайлы болу мақсатында көлік салығын төлеу мерзімін осы жылдың 31 желтоқсанынан келесі жылдың 1 сәуіріне ауыстыру ұсынылды", – деді. 

Министрдің мәлімдеуінше, инвестициялық салықтық несие енгізу мәселесі күн тәртібіне қойылды. 

"Несие корпоративтік табыс салығы және мүлік салығы бойынша 3 жылға пайызсыз беріледі, бірақ шарт орындалмаған жағдайда өсімпұл есептеледі. Мақтаны қайта өңдеуге, ашытқы, кондитерлік өнім, қант қызылшасынан қантты өндіруге есептелген қосылған құн салығын 70%-ға азайту бойынша норманы қолдану ұсынылып отыр. Бұл ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеуді, отандық тауар өндірушілердің өндіріс көлемін ұлғайтуды ынталандырады. Экспорт кезінде қосылған құн салығын қайтару рәсімін оңайлату мақсатында отандық өндірушілер үшін қосылған құн салығын жеңілдетілген түрде қайтару құқығын беру ұсынылды, яғни тексерусіз – 50%, тексеруден кейін – 50%. Көлік құралдары мен ауыл шаруашылығы техникасының компоненттерін өндіру үшін қосылған құн салығы бойынша жеңілдік қолдану ұсынылды. Бұл отандық автокөліктің қазақстандық қамту үлесін арттырады", – деді ол.

Қанат Махамбет 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу