"Көрсеқызар халықпыз… Немесе маркетинг құрбанымыз! "Дубай шоколады" деген шығып еді, енді "кәріс жүзімі" (Шэйн мускат дей ме) деген шықты. Инстаға кіріп қалсаң болды, шырт-пырт деп жеп отырғандар қатары көбейді. Соны жалпақ жұртқа жарияламай-ақ жеуге болады ғой… Кішкентай Дубай шоколадының бағасы 15-20 мың теңге болып еді, енді мына жүзімнің кішкене бір бөлігі 5-10 мың теңге деседі. "Ақша жоқ-жоқ" дейді де, талап алып жатыр халық) Оның құрамында не бар, несі пайдалы, не зиян, ол туралы басымызды ауыртқымыз келмейді. Бастысы жұрттан қалмау керек. Алла біледі, бұны да 12/24 айға бөліп төлейтіндер шықса таң қалмаймын Ps: ақшаңыз артылып жатса, ала беріңіз. Қарсылығым жоқ. Бірақ елден, трендтен қалмайын деген ой – әбестік. Одан да мына қоңыр күзде ет жеңіздер, сорпа ішіңіздер. Міне, нағыз пайдалы тағам", – деп жазды ол.