Қоршаған ортаға парниктік газ шығаратын бизнеске салық салу мәселесі сөз болды

1247

Қоршаған ортаға парниктік газ шығаратын бизнеске салық салу мәселесі сөз болды

Бүгін ҚР Парламенті Сенатының ауыл шаруашылық комитетінің отырысында Қазақстан Республикасының жасыл экономикаға өту жайы талқыланды.

Шарада қоршаған ортаға парниктік газдарды таратуды азайту туралы заң жобасы қаралды. Жобаға сай, автокөліктерді экологиялық таза жанармайға көшірумен қатар қоршаған ортаға көмірқышқыл газдарын көптеп шығаратын нысандарға қосымша салық салу, нақтырақ айтар болсақ, ауылдық жерлердегі дүкендер, шаруа қожалықтары мен өзге де әлеуметтік нысандарын экологиялық жаңа стандартқа міндеттеу жайы сөз болды.

Комитет қабылдаған бұл жоба енді Сенаттың отырысында қаралады.

"Егер заң жобасы қабылданатын болса, ауылдық жерлердегі көмірмен жылытылатын коммерциялық нысандар, шаруа қожалықтары мен әлеуметтік нысандар қоршаған ортаға парниктік газдарды таратқаны үшін салық төлеуге міндеттеледі. Дегенмен, бұл қарапайым кәсіпкерлерге ауыр тиетіндіктен, заң жобасын нақтылап, ондағы салыққа ілігетін нысандарды дұрыстап классификациялау керек. Яғни, заң жобасы тек ірі кәсіпорындар мен зауыттарды ғана экологиялық таза өндіріске міндеттеуі тиіс", - дейді шараға қатысқан Сенат депутаттары. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу