Қоршаған ортаны қорғау үшін БҰҰ мен Halyk bank күш біріктіреді

520

Алматыда тұрақты сән және өнер көрмесі өтті

Қоршаған ортаны қорғау үшін БҰҰ мен Halyk bank күш біріктіреді Фото: inbusiness.kz

"Reuse. Recycle. Reduce". Осындай тақырыпта Алматыда тұрақты сән және өнер көрмесі өтті, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі. 

Шараны БҰҰ-ның Қазақстандағы Тұрақты үйлестіруші кеңсесі, БҰҰ-ның Қоршаған ортаны қорғау бағдарламасы және елдің жетекші банкі Halyk bank ұйымдастырды. Мақсат - пластик қалдықтарынан келетін зиянды түсіндіріп, оны қайта өңдеуге болатынын жеткізу. Сондай-ақ, кеш барысында өңделген материалдардан дайындалған арнайы сән көрмесі де өтті.  

Жыл сайын әлемде 400 миллион тоннадан астам пластик өндірілса, оның жартысы бір ретте пайдалануға арналған. Оның ішінде тек 10 пайызға жуығы қайта өңделеді. Қолда ақпаратқа сенеск, өзендер мен теңіздерде жылына 23 миллион тоннаға дейін пластик жиналады екен. Әрине, пластик күнделікті қолдануға ыңғайлы болғанымен тау шыңынан бастап, мұхит түбіне дейінгі экожүйені ластап жатқаны көпті алаңдатады.

"Пластмассаның ластану қасіреті - бүкіл әлем бойынша әрбір салаға әсер ететін үлкен қауіп. Біз үкіметтер мен бизнестен азаматтық қоғамға дейінгі барлық секторларды шешімдерді табу және қолдау үшін бірігуге шақырамыз. Біз бірге оң өзгерістерге қол жеткізе аламыз және біз үшін және болашақ ұрпақ үшін тұрақты және жасыл болашақ жасай аламыз", - деді Қазақстандағы БҰҰ-ның тұрақты үйлестірушісі Микаэла Фриберг-Стори.

Бұл проблемаға қазақстандықтар бей-жәй қарамайтыны белгілі. Осы ретте еліміздің жетекші қаржылық ұйымы Халық банк те өз үлесін қоспақшы. Осылайша, Halyk қаржылық қызметке көрсету назар аударып қана қоймай, әлеуметтік және экологиялық жауапты банк болуға ұмтылып жатыр. Оған себеп ESG халықаралық стандарттарына сәйкес есебін жариялай бастады және БҰҰ Жаһандық шартына қосылған алғашқы қазақстандық банк, дәл осы Халық банк. Банк "Жасыл" несиелеу туралы келісім аясында қаржыландыруды бірінші болып бастады.

"Біз, Халық банк БҰҰ-ның Тұрақты даму бойынша жаһандық келісім-шартына қосылған ең алғашқы қаржылық ұйымбыз. Клиенттермізден бастап, қызметкерлеріміз бен тіпті акционерлерді де қоршаған ортаны қорғауға шақырамыз. Одан өзге, Алматы қаласын газдандыруға 130 миллион теңге демеушілік ету үшін меморандумға қол қойдық. Ал, Астана қаласына 100 миллион теңге бөлдік. Және бұл бірінші рет емес", - деді Halyk bank басқарма төрағасы Үміт Шаяхметова.

Айта кету керек, БҰҰ Бас Ассамблеясы Дүниежүзілік қоршаған ортаны қорғау күнін бекіткеніне биыл тура 50 жыл. Айтулы күн қарсаңында өткен іс-шара барысында қонақтар жас дизайнерлердің қайта өңделген материалдардан жасаған киім көрсетілімін, суретшілер Молдақұл Нарымбетов пен Саид Атабековтің арт-инсталляцияларының бірегей көрмесін тамашалады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу