Қоршаған ортаны қорғауға 10 жылда 370 миллиард теңге салынды

1442

Тек Алматы қаласы ғана осы салаға инвестиция тартпаған. 

Қоршаған ортаны қорғауға 10 жылда 370 миллиард теңге салынды

Биылғы жылдың қаңтар-тамыз айларында қоршаған ортаны қорғауға бағытталған  капиталдық инвестициялар бір жыл ішінде 24%-ға өсіп, 92,5 млрд теңгеге жетті. Өткен жылдың осы кезеңінде инвестиция көлемі 2 еседен астам өсіп, 74,6 млрд теңге болған еді.

Соңғы үш жылда осы салаға салынған инвестициялар көлемі орта есеппен жылына 94,7%-ға өсуде. Finprom.kz есебінше, жалпы алғанда соңғы он жыл ішінде қоршаған ортаны қорғауға  368,8 млрд теңге бөлінген.

Аймақтар бойынша алып қарайтын болсақ, қоршаған ортаны қорғауға Ақмола облысы көп қаражат салған ( 27,5 млрд теңге). Бұл өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 2 есе көп (13,4 млрд теңге). Шығыс Қазақстан облысында инвестиция көлемі бір жылда 5,5 еседен астам өсіп, 10,1 миллиард теңгеге жетті (бір жыл бұрын - 1,8 миллиард теңге). Маңғыстау облысы да осы салаға 7,8 млрд теңге (бір жыл бұрын - 1,8 млрд теңге) инвестиция салып, алдыңғы үштіке кірді.  

 Тек Алматы қаласы ғана қоршаған ортаны қорғауға инвестиция тартпаған. Ал бұл қала ауасының ластану деңгейі жоғары аймақтардың бірі.

Айта кету керек, Ақтөбе, Өскемен және Атырау ластану деңгейі ең жоғары қалалар қатарына жатады. Сондай-ақ, ластану деңгейі жоғары қалалар тізіміне Нұр-Сұлтан, Қарағанды, Балқаш, Шымкент, Теміртау және Семей кірген.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу