Қоршаған ортаны қорғауға – 100 млрд теңгеден астам инвестиция

972

Оның жартысы еліміздің екі аймағына ғана тиесілі, деп жазады inbusiness.kz finprom.kz-ке сілтеме жасап.

Қоршаған ортаны қорғауға – 100 млрд теңгеден астам инвестиция

Жыл басында жұмыс баяу болғанына қарамастан, қоршаған ортаны қорғауға бағытталған күрделі инвестициялар қаңтар-тамыз аралығында 107,8 млрд теңге болды. Бұл былтырғыға қарағанда 16,5%-ға артық (былтыр – 92,5 млрд). Осы сегіз айлық кезеңдердегі көрсеткіштің өсуі қатарынан бесінші жыл байқалып отыр.

Қоршаған ортаны қорғауға бағытталған инвестициялардың үлесі негізгі капиталға салынған инвестициялардың жалпы көлемінен ұлғайды (бір жылда 1,3%-дан 1,5%-ға).
Өңірлер бойынша бөлсек, инвестициялардың жартысынан астамы Жамбыл (38,8 млрд тг) мен Ақтөбе (16 млрд тг) облыстарына тиесілі. Нұр-Сұлтан қаласы (11,3 млрд тг) мен Атырау облысына да (10,9 млрд тг) инвестиция көлемінің елеулі мөлшері салынған.
Ең аз қаржы Алматы мен Түркістан облысында – 0,5 млрд теңгеден.

Қызылорда мен Солтүстік Қазақстан облыстары бойынша ақпарат берілмеген. 

Өңір бойынша негізгі капиталға салынған инвестициялардың жалпы көлемінен қоршаған ортаны қорғауға бағытталған инвестициялардың ең көп үлесі Жамбыл облысына тиесілі – 16,7%. Ақтөбе (3,5%) мен Ақмола (2,5%) облыстары артта қалып отыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу