Қоршаған ортаны қорғауға салынған инвестиция 2 есе қысқарды

993

Ақмола және Түркістан облыстарының экологиясын қорғауға мардымсыз қаржы бөлінген. 

Қоршаған ортаны қорғауға салынған инвестиция 2 есе қысқарды

Биылғы жылдың қаңтар-сәуір айларында қоршаған ортаны қорғауға бағытталған қомақты салымдар көлемі 17,1 млрд теңгені құрады, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі finprom.kz-ке сілтеме жасап. 

Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 2,4 есе аз.  Төрт жылдық өсімнен кейін бірінші рет аталған салаға салымдардың төмендеуі байқалады.

Салаға тартылған инвестициялардың үлесі де бір жыл ішінде төмендеді - негізгі капиталға құйылған инвестициялардың жалпы көлемінің 1,4%-дан 0,6%-ға дейін қысқарды. 

Қоршаған ортаны қорғауға саласына салынған инвестиция көлемінің жартысынан көбі тек төрт облыстың үлесінде: Қостанай (3,1 млрд теңге), Ақтөбе (2,6 млрд теңге), Павлодар (1,8 млрд теңге) және Маңғыстау (1,7 млрд теңге) облыстары. 
Сондай-ақ тағы біршама инвестиция Жамбыл (1,7 млрд теңге), Шығыс Қазақстан (1,6 млрд теңге) және Қарағанды ​​(1,5 млрд теңге) облыстарына бағытталған.
Ал Ақмола (45,2 млн теңге) және Түркістан (96,3 млн теңге) облыстарының экологиясына ең аз инвестиция салынды. Екі облыс бойынша - Қызылорда және Солтүстік Қазақстан - деректер келтірілмеген, ал бұл салаларға күрделі салымдардың мардымсыз ғана үлесі тиесілі.

Құралай Құдайберген

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу