Қоршаған ортаны қорғауға жұмсалған шығындардың ең көп көлемі Атырау облысында байқалды – 100,8 млрд теңге, бұл барлық шығынның 22,6%. Одан ары Қарағанды (45,9 млрд теңге), Ақтөбе (44,9 млрд теңге) және Павлодар (37,3 млрд теңге) облыстары тұр. Өңірлер арасында табиғатты қорғау шараларына ең аз шығын Жетісу облысында – 993,2 млн теңге.
Экологияны қорғау шаралары арасында ең көп шығындар атмосфералық ауаны қорғауға және климаттың өзгеруі мәселелеріне (127,9 млрд. теңге) жұмсалды. Одан кейін ағын суларды тазарту (113 млрд теңге), қалдықтарды басқару (107 млрд теңге), сондай-ақ қоршаған ортаны қорғаудың басқа да бағыттары (64,7 млрд теңге).
Қоршаған ортаны қорғауға жұмсалған шығындардың 92,7% астамы өнеркәсіп саласына тиесілі (272,3 млрд теңге.).
Экологияны қорғауға арналған шығындарды қаржыландырудың негізгі көзі кәсіпорындардың меншікті қаражаты: 354,2 млрд теңге. Республикалық бюджеттен 5,1 млрд теңге жұмсалса, жергілікті бюджеттен – 6,3 млрд теңге.